30 қазан 2023 15:07

Ақтаудағы жаппай төбелес: 6 жасөспірім ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Ақтауда жасөспірімдер ұйымдастырған жаппай төбелес тергеліп жатыр. Алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақтауда жасөспірімдер ұйымдастырған жаппай төбелес тергеліп жатыр. Алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті бір топ жасөспірімнің бұзақылық әрекеттері, атап айтқанда, құқық бұзушылардың бір-біріне тас пен бөтелке лақтыру дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлерінің жасағы шығып, Ақтау Полиция басқармасына 15 пен 18 жас аралығындағы 76 адам жеткізілді. 56 кәмелетке толмаған баланың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды ("Сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың көшеде жүруі"). Сондай-ақ, ҚР ҚК-ның 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды, алты жасөспірім уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", - деді өңір полициясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети