09 қаңтар 2024 12:04

Ақтөбе облысында адамдар мінген көлік мұз астына түсіп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақтөбе облысы ТЖД Фото: Ақтөбе облысы ТЖД

Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде үш жолаушы мінген жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде үш жолаушы мінген жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша, бір адам қаза тапты. Оқиға 8 қаңтарда Шалқар көлінде болған. ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, ВАЗ-2110 көлігінде жүргізушіден басқа тағы екі ер адам болған. Көліктен жүргізушіні қосқанда екі адам шығып үлгерген. Бір жолаушы суға батып кетті.

"Жағаға 1980 және 1971 жылы туған екі ер адам өз бетімен шықты. Құтқарушылар оларды жылжымалы уақытша жылыту пунктіне орналастырды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар мұз астына түсіп, суға батып кеткен ер адамның денесін алып шықты", - делінген Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.

Әлеуметтік желіде құтқару операциясының видеосы пайда болды. Төтенше жағдайлар департаменті жазбаны куәгерлер түсіргенін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети