11 қазан 2014 21:06

Ақтөбеде бес жасар бала із-түссіз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Темірлан Сандыбаев Темірлан Сандыбаев

Ақтөбеде бес жасар бала із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақтөбеде бес жасар бала із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақтөбе облыстық ІІД бес жасар балаға іздеу жариялады. Темірлан Сандыбаев 10 қазан күні шамамен жергілікті сағат 10-дарда жоғалған. Анасы баланы есіктің алдына ойнауға шығарып, өзі 15 минутқа кетіп қалған. Бірақ аулаға қайтып келгенде ол өзінің баласын таппай қалған. 

Айта кетейік, баланың үстінде қайырылмалы бас киімді ақ күрте, сұр мойынорағыш, құлақшын, көгілдір түсті спорттық шалбар және қара түсті аяқ киімі болған.

Темірлан Сандыбаевтың туыстарының айтуына қарағанда, оның дене бітімі орташа, бойы 110-112 сантиметр, қара торы өңді, дөңгелек көзді, шашы қара-қоңыр түсті екен. Баланың туыстары мен полиция Темірланның қайда жүргенін білетін адамдар болса дереу Ілек полициясы бөлімшесіне хабарласуын сұрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети