03 қараша 2023 17:59

Ақтөбеде сауда орталығынан 25 миллион теңгенің алтыны ұрланған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Ақтөбеде сауда орталығынан 25 милион теңгенің алтын бұйымын жымқырған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақтөбеде сауда орталығынан 25 милион теңгенің алтын бұйымын жымқырған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 қарашада түнгі мезгілде Ақтөбе қаласындағы ірі сауда-ойын сауық орталықтарының біріндегі сауда орнынан аса ірі көлемде алтын бұйымдар ұрланған.

"Зергерлік бұйымдардың жоғалғанын сатушы келесі күні таңертең білген. 29 жастағы кәсіпкерге келтірілген шығын көлемі 25 миллион теңгеге жуықтады. Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері бейнекамералардың жазбаларын зерделеу кезінде медициналық бетперде киген ер адамның сауда орнына жасырын кіріп, кілт салу арқылы шкафтан алтын бұйымдарды ұрлағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басын "ізін суытпай" анықтады. Ол 25 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Күдіктінің түнгі уақытта сауда-ойын сауық орталығында адамдардың аздығын пайдаланып, өзінің 3 сыбайласымен бірлесе әрекет жасағаны анықталды.

"Олар орталықтың ішінде бір-бірімен құлаққап арқылы байланысып отырған және осы қылмысты жасағаннан кейін БҚО Орал қаласына бой тасалаған. Күдіктілердің барлығы бұрын сотталған облыс тұрғындары екені анықталып, 2 қарашада олар криминалдық полиция қызметкерлерімен Орал қаласында ұсталды", - делінген хабарламада.

Ұрланған алтындар тәркіленді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігімен ("Ұрлық") қозғалған қылмыстық іс шеңберінде соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети