26 қазан 2023 17:03

Алматыда жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған бір топ адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото. polisia.kz/ Фото. polisia.kz/

Көлік полицейлері жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған бір топ адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Көлік полицейлері жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған бір топ адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы 1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Бұл жөнінде көліктегі Полиция департаметінің бастығы Бақытжан Малыбаев хабарлады.

"Күдіктілердің, алдын ала сөз байласу арқылы Жетіген станциясында ҚХР – Алматы бағыты бойынша қатынайтын жүк вагондарынан бірнеше рет тұрмыстық техникаларды ұрлағандары анықталды (аквариумға арналған жабдық – 43 дана, 14 кондиционер, 114 су жылытқыш, 63 электр плита)", - деп мәлімдеді Малыбаев.

Қасақана жасалған қылмыстық әрекеттердің салдарынан жекеменшік компанияларға 9 миллион теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілген.

Көлік полицейлерінің жедел әрі үйлесімді жүргізген іс-шараларының арқасында жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелген. Сондай-ақ, ведомства басшысының айтуынша, қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Алматы 1 станциясындағы ЖПБ қызметкерлерімен Қылмыстык кодекстің 188-бабтың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети