29 ақпан 2024 10:16

Алматылық телефонын жоғалтып алып, депозиттегі барлық жинағынан айырылып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматы тұрғыны телефонын жоғалтып алып, депозиттегі барлық жинаған ақшасынан айырылып қалған. Бұл туралы әйелдің қызы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғыны телефонын жоғалтып алып, депозиттегі барлық жинаған ақшасынан айырылып қалған. Бұл туралы әйелдің қызы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зарина Әбдешеваның айтуынша, анасының телефоны 2021 жылдың тамызында жоғалған.

"Анам шетелде болғандықтан бұғаттай алмадық. Кейін нөмірді қалпына келтірген кезде телефонды бұзып, депозиттегі 6 миллион теңгеден аса ақша ұрлағаны белгілі болды. Депозит бос қалған", - деді Әбдешева.

Арыз Алмалы аудандық полиция басқармасына берілді. Барлық ақпарат полицияға жіберілген, оның ішінде телефондағы аударымдар тарихы мен IMEI-коды. Алайда, арызданушының айтуынша, іс қозғалмағанына 2,5 жылдан асқан.

"Ұрлықтың жалпы сомасы 6 142 000 теңге болды. Бізге телефонды тапқан адамның жеке басы анықталғанын айтты. Оған іздеу жарияланды, бірақ ұсталған соң босатылды. Тергеуші бізді ешқашан жауап алуға шақырған жоқ, тіпті прокуратураға арыз жаздық, өкінішке қарай, бәрі бос болды", - дейді жәбірленушінің қызы.

Алматы Полиция департаменті Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында іс ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі ("Ұрлық") аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.

"Алмалы аудандық полиция бөлімі күдіктіні анықтау және ұстау, сондай-ақ карточкалық шоттан ұрланған қаражаттың қозғалу бағытын анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Алматы ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети