07 желтоқсан 2023 09:39

Астанада көлік жуу қызметкері көліктен карта ұрлап, клиенттің ақшасын жұмсаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Pixabay.com Pixabay.com

Астана Полиция департаменті көлік жуу мекемесі қызметкерінің көліктен банк картасын ұрлап, клиенттің ақшасын жұмсап жіберген оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана Полиция департаменті көлік жуу мекемесі қызметкерінің көліктен банк картасын ұрлап, клиенттің ақшасын жұмсап жіберген оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның банк картасымен сауда жасағанын айтқан.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полициясының облыстық басқармасының қызметкерлері 39 жастағы қала тұрғынын анықтады. Жәбірленуші кешкі уақытта көлігін жууға кіргізіп кеткені белгілі болды. Ол біраз уақыттан кейін көлігін алып кетіп қалады.

Келесі күні оның телефонына картадан ақша алынғаны туралы хабарламалар келе бастайды. Карточкасы жоқ екенін білген ол полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары ұрлыққа көлік жуу мекемесі қызметкерінің қатысы барын анықтады", - делінген полиция хабарламасында.

Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатқаны атап өтілді, ер адам жасаған әрекетін мойындаған.

Полицейлер оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Астана Полиция департаменті азаматтарды қырағы болып, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети