11 қазан 2023 16:14

Қамаудан қашып кеткен. Астанада полицейлер сотталушыны іздестіріп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада тұтқын қашып кетті. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада тұтқын қашып кетті. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Астанада сотталушының қашып кеткені туралы ақпарат тарап жатыр. Хабарламалардағы мәліметтер әртүрлі.

"Байқоңыр ауданындағы ЕЦ 166/10 мекемесінен 1992 жылы туған сотталушы қолына кісен салынған күйі қашып кетті. Бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы сот отырысы өтіп, жеткізілгеннен кейін ол ЕЦ аумағынан қашып кетті. Біз жеке құрамға бағыт-бағдар беріп, шекара заставаларында жасақ қойып жатырмыз", - делінген WhatsApp хабарламасында.

TikTok-тағы видео авторы екі қашқын болғанын айтады.

@galymjanovv

♬ Reketir (Remix) [Original Motion Picture Soundtrack] - TM_Colors

Tengrinews.kz редакциясы Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне хабарласты. Ішкі істер министрлігі тұтқынның қашып кеткенін растады.

"Сот қаулысымен шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған адам тергеу изоляторына жеткізілген кезде полиция қызметкерлерінен қашып кеткен. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ҚАЖК өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети