31 қазан 2017 08:40

Қарағандыда бизнесмен жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда 24 жастағы бизнесмен осымен жетінші күн іздестіріліп жатыр. Оны үйінде әйелі мен баласы күтіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда 24 жастағы бизнесмен осымен жетінші күн іздестіріліп жатыр. Оны үйінде әйелі мен баласы күтіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандылық Әлішер Тұрағұлдың жеке ЖШС-ы бар. Бірнеше жылдан бері ол түрлі мекемеге азық-түлік заттарын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алуларға қатысып келеді. Таяуда бизнесмен Қарқаралы аудандық ауруханалардың біріне тауар жеткізуі тиіс болған. 24 қазанда шамамен сағат 23.00-де ер адам үйіне келіп, кешкі асын ішіп, әйелінен жолға заттарын дайындап беруді сұраған.  


Әлішер Тұрағұл әйелімен. Фото жеке архивтен.

"Үйленгенімізге екі жылдан асты. Кішкентай қызымыз бар. Жанжалдаспадық, бәрі жақсы еді. 24 қазанда Әлішер Қарқаралы ауданына тауар жеткізіп, ата-анасы соғамын деген, ата-анасы Нұркен ауылында тұрады. Таксимен баратынын айтқан. Ештеңеден сезіктенбедім. Әдеттегідей болды. Ол кешкі асты ішті де, сөмкені алып, кетіп қалды. Таңертең телефоны сөндірулі болды. Іздей бастадық, сөйтсек ол тауарды да жеткізбеген, ата-анасына да бармаған. Барлық досына хабарластық, Қарқаралыдағы қонақүйлерге хабарластық. Жоқ. Полицияға арыз жаздым", - деді бизнесменнің әйелі. 

Әйел еріктілерден көмек сұрап отыр. Жоғалған Әлішердің суреттері әлеуметтік желілерде жарияланды. Алайда ол жайлы мәлімет әзірше түспеген. 

"Қатты алаңдап отырмыз. Әлішер бұлай жасмайтын. Ол ешқашан кетіп көрмеген, жауапкершілігі бар. (...) Ол жоғалғаннан кейін көршілері оның таксимен кетпегенін айтты. Оны қара түсті минивен алып келіпті, Әлішер үйге келіп, сөмкесін алған соң осы көлікке қайта отырып кеткен", - дейді әйелі. 

"Біз оны қайдан іздейтінімізді де білмей отырмыз. Сондықтан қандай да бір мәліметі барлардан 8 (778) 729-73-93 телефон нөміріне хабарласуды сұраймын", - дейді келіншек.

Қарағанды облыстық ІІД өкілдері ер адамның жоғалғанын растады. "Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеулердің реестрінде тіркелген. Қазіргі уақытта іздеу шаралары жүріп жатыр", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети