Қарағандыда үш ай бұрын жоғалған жігіт Шымкенттен табылды

13 Ақпан 2018, 09:17
0
Қарағандыда үш ай бұрын жоғалған жігіт Шымкенттен табылды -

Қарағандыда үш ай бұрын жоғалған жігіт Шымкенттен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 24 жастағы Әлішер Тұрағұлды іздеу шаралары өткен жылдың 24 қазанында басталған еді. 

Еріктілердің мәліметінше, ер адам тірі және денсаулығына да еш қауіп жоқ. "Жоғалған жігіт Шымкенттен табылды. Ол тірі әрі дені сау. Басқа да мәліметтен хабарсызбыз", - деді Rina.kz еріктілері. 

Әлішер Тұрағұлдың табылғаны жайлы оның туыстары да растады. "Әлішерді Шымкенттен тапты. Оны алып кетуге әкесі кетті, олар әлі келген жоқ. Ол тірі, алайда оның осы қадамға баруына не себеп болғанын білмейміз. Аман-есен оралсын", - деді жоғалған жігіттің туыстары. 

Еске салайық, Қарағандыда 24 жастағы кәсіпкер жігіттің іздестіріліп жатқаны осыдан үш ай бұрын жоғалып кеткені хабарланға еді. Оның әйелі мен баласы қалған. Қарағандылық Әлішер Тұрағұлдың жеке ЖШС-ы бар. Бірнеше жылдан бері ол түрлі мекемеге азық-түлік заттарын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алуларға қатысып келеді. Таяуда бизнесмен Қарқаралы аудандық ауруханалардың біріне тауар жеткізуі тиіс болған. 24 қазанда шамамен сағат 23.00-де ер адам үйіне келіп, кешкі асын ішіп, әйелінен жолға заттарын дайындап беруді сұраған.  


Әлішер Тұрағұл әйелімен. Фото жеке архивтен.

"Үйленгенімізге екі жылдан асты. Кішкентай қызымыз бар. Жанжалдаспадық, бәрі жақсы еді. 24 қазанда Әлішер Қарқаралы ауданына тауар жеткізіп, ата-анасы соғамын деген, ата-анасы Нұркен ауылында тұрады. Таксимен баратынын айтқан. Ештеңеден сезіктенбедім. Әдеттегідей болды. Ол кешкі асты ішті де, сөмкені алып, кетіп қалды. Таңертең телефоны сөндірулі болды. Іздей бастадық, сөйтсек ол тауарды да жеткізбеген, ата-анасына да бармаған. Барлық досына хабарластық, Қарқаралыдағы қонақүйлерге хабарластық. Жоқ. Полицияға арыз жаздым", - деп хабарлаған еді жігіттің әйелі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай