07 қараша 2023 09:30

Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде интим қызмет көрсетілген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде ұялы телефон пайдалануға, туған күнін ішімдік ішіп тойлауға заңсыз мүмкіндік берілген. Сонымен қатар, кәсіпкерге интим қызмет көрсетілуі үшін де ақы төленіпті. Бұл туралы Қайрат Боранбаевтың жиені Әбілхан Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс материалдарында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Боранбаевтың жиені пара бергеннен кейін кәсіпкер заңсыз сыйлықтар алған. Ал осы жағдайдан кейін Әбілхан Боранбаев 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Яғни ол ағасына сыйлықтар жасап, тіпті интим қызметқе ақы төлеген.

"2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 20:40-та Қ.С. Боранбаевты ҚМА ғимаратынан тергеу изоляторына апару кезінде жол жүру бағытынан ауытқып, пара беруші Боранбаевтың пайдасына заңсыз іс-әрекеттер жасалып, Астана қаласы Алаш тасжолында орналасқан "Нұр" кафесінің маңына тоқтаған. Боранбаевқа интим қызмет көрсетушімен кездесуге, туған күнін ішімдік ішіп атап өтуге мүмкіндік жасалған. Куәгер Ә.Т. Боранбаев кешкі уақытта Қ.С. Боранбаевпен кездесу ұйымдастырғанын мәлімдеді. Олар қара түсті джипте кездескен. Ол ақшалай сыйақы үшін интим қызмет көрсеткен", - делінген қылмыстық іс материалында.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Боранбаев бостандыққа шыққаны хабарланды. Ал оның алдында Қайрат Боранбаевтың туысы Әбілхан Боранбаев пара бергені үшін сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети