11 қаңтар 2022 13:58

ШҚО-да лаңкестер қолынан қаза тапқан ҰҚК офицері жерленді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда лаңкестер қолынан қаза тапқан Жандос Жағалбаев Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек кентіне жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жандос Жағалбаев ҰҚК Шекара қызметі академиясының аға офицері болды.


Алматыда лаңкестер қолынан қаза тапқан Жандос Жағалбаев Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бестерек кентіне жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жандос Жағалбаев ҰҚК Шекара қызметі академиясының аға офицері болды.

Офицердің денесі туған ауылына арнайы бортпен жеткізілді. Офицермен қоштасуға мыңдаған адам - ауылдастары, достары, туыстары және Мақаншы шекара жасағының қызметкерлері келді.

 

ҰҚК Шекара қызметі академиясының ғимараты Алматыдағы Достық даңғылының жоғарғы бөлігінде орналасқан. Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Жандос қызметте болды. Ол өз ведомствосын қорғап, лаңкестерге қарсы атыс кезінде қаза тапты.

Оның артында жүкті әйелі қалды. Жас отбасы 2 айдан кейін тұңғыштарын қолына алатын еді. Капитан Жандос Жағалбаев 27 жаста болатын.

"Жандос тәрбиелі, зиялы, әділ жігіт еді, ол өте ақылды болды. Бәріне өзі қол жеткізді, біздің балаларымызға үлгі болды және әрқашан көмекке келді", - деді марқұмның туысы.

  Капитан Жандос Жағалбаев жұбайымен. Олар 7 ай бұрын үйленген.

Сонымен қатар, лаңкестер қолынан ҰҚК Шекара қызметі академиясы кафедрасының бастығы Андрей Кабдинов және Шекара қызметі академиясының үш курсанты Әділхан Жайық, Бітім Мейірқан және Жұпарбеков Дәулет қаза тапты. Президент Жарлығымен Жандос Жағалбаев пен Андрей Кабдинов қайтыс болғаннан кейін II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Қаза тапқан курсанттар қайтыс болғаннан кейін III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети