09 тамыз 2016 17:11

Шымкент саябағында бір әйел өзін-өзі өртеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© belrynok.ru © belrynok.ru

Шымкент қаласының тұрғыны саябақта өзін-өзі өртеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент қаласының тұрғыны саябақта өзін-өзі өртеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 8 тамызда Шымкент қалалық ІІБ жергілікті жол-патрульдік полициясының қызметкерлері полиция сержанты Нұрбол Мұқашев пен кіші сержант Абылай Мырзахмет 45 жастағы әйелді құтқарып қалды.

"Күндіз шамамен сағат 13.35-те саябақта орналасқан қалалық ІІБ стационарлық постына саябақ аумағында белгісіз бір әйелдің өзін-өзі өртемек болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Шымкент қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметкерлері барып, әйелді құтқаруға жүгірген. Кейіннен олар өртті сөндіріп, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, зардап шегушінің қаладағы ауруханалардың біріне бірнеше күйікпен жеткізілгені айтылады. Шымкент қаласының 45 жастағы тұрғыны үстіне бензинге ұқсас ыстық сұйықтықты құйып, өзін өртеген.

Айта кетейік, бұл дерек Шымкент қалалық Абай аудандық ІІБ бірыңғай тіркеу реестірне тіркелді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы бойынша ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу")қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети