05 ақпан 2019 17:38

Шымкентте ұрланған қыз 3-қабаттан секірген

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото vestikavkaza.ru © фото vestikavkaza.ru

Құқықтанушы Еркін Қахаров Facebook-те Шымкентте қыздың ұрланғаны жайлы жазды. Айтуынша, бұл жағдай өзін-өзі өлтіруге дейін апаруы мүмкін еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Құқықтанушы Еркін Қахаров Facebook-те Шымкентте қыздың ұрланғаны жайлы жазды. Айтуынша, бұл жағдай өзін-өзі өлтіруге дейін апаруы мүмкін еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қахаровтың айтуынша, бұл оқиға 31 қаңтарда болған.

"Қыз 18-де. Омыртқасы зақымданған. Бассүйек жарақатын алған. Бетінде 10 сантиметрдей тыртығы бар және ол әбден қиналған. Оны 2019 жылдың 18 қаңтарында танысқаннан кейін ұрлаған. Сұлтан есімді біреу оны ұрлап, қыздың рұқсатын да сұрамаған. Оны зорлаған және әр минут сайын қорлап, қызды үшінші қабаттан секіруге мәжбүрлеген. Соңғы айда Сұлтан өзін Сүлейман сезініп, үш рет үйленбек болған", - деп жазған Facebook-та Қахаров.

Оның сөзінше, ұрланған қыз кедей отбасынан шыққан және оның ауқатты ата-анасы жоқ.

"Ол қыздың басқа да құрбылары секілді алға қойған мақсаттары болғанына сенемін. Жақсы отбасы құрып, келін атанып, ана болғысы келген шығар. Бірақ енді оның бәрі артта қалды. Ол қыздың тағдыры не болмақ, - дейді құқықтанушы.

Желі қолданушыларының айтуынша, жедел жәрдемді куәгерлер шақырған екен. Емханада оның телефонын жаңа ата-анасы алып қойған. Аружанның нағыз ата-анасы бір тәуліктен кейін ғана жаңалықты естіген. 

Шымкенттің полиция департаменті қызметкерлері өз кезегінде болған жайтқа байлнысты мәлімдеме жасады.

19 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсауына байланысты алдын ала тергеу істері ҚР Қылмыстық кодексінің 105- бабымен ("Өз-өзін өлтіру немесе қастандық жасауға итермелеу") сәйкес жүргізіліп жатыр.

"Күдікті ұсталып, Әл-Фарабий аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Онда барлық мән-жай анықталып жатыр.  ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201- бабы және ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес, тергеу шараларына қатысты мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады Шымкент полициясының баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети