18 қазан 2023 09:33

Таразда интим қызмет көрсеткен притон әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жезөкшелік притонын және жеңгетайлық қызметті ұйымдастырушыларды құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жезөкшелік притонын және жеңгетайлық қызметті ұйымдастырушыларды құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлерімен притон және жеңгетайлық қызметті ұйымдастырғаны үшін Тараз қаласындағы сауналардың бірінің 39 және 54 жастағы әкімшілері қамаққа алынды.

"Әйелдердің сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін қыздар мен саунаға келушілер арасында делдалдық жасағаны анықталды. Жедел уәкілдермен тінту барысында 197 мың теңге көлемінде ақша, клиенттерді қабылдау журналы, ұялы телефондар, сондай-ақ әкімші бөлмесінен жалпы салмағы 5,20 грамм гашиш есірткі заты және контрацепция құралдары тәркіленді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін 6 қыз ұсталған. Мекеменің иесі де анықталды. Оған және екі әкімшісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 2-бөлігі ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша соталды тергеу амалдары басталды.

Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысу мақсатында үй-жай ұсынғаны үшін сауна иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Жыл басынан бері Жамбыл облысы аумағында интимдік қызмет көрсететін 3 притон анықталып, жабылды. Қазіргі таңда барлық деректер бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети