28 маусым 2021 09:11

EURO-2020: Португалия мен Нидерланды турнирмен қоштасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/EURO2020 Фото: twitter.com/EURO2020

Чехия мен Бельгия құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Чехия мен Бельгия құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Чехиялықтар Нидерландыны жеңіп, сенсация жасады. Будапешттегі ойын Чехия пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. 

68-минутта Томаш Голеш есеп ашқан, 80-минутта Патрик Шик есепті еселеді. Екінші таймның басында Нидерланды құрамасы 10 ойыншымен қалды - Маттейс де Лигт қолмен ойнағаны үшін алаңнан қуылды. 

Ал кейінгі Еуропа чемпионында топ жарған Португалия құрамасы бұл жолғы турнирді 1/8 финалдан аяқтады. Роналду мен оның әріптестері Бельгиядан жеңілді.

Севильяда өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 42-минутта Торган Азар соқты.  

Осылайша, бельгиялықтар қазіргі Еуропа чемпионынан басым түсті. 

Турнирдің ширек финалында Дания мен Чехия, Бельгия мен Италия құрамалары кездеседі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети