12 шілде 2023 16:07

Қазақстан футболының аңызы Сейілда Байшақов қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram/f.c.kairat Фото: instagram/f.c.kairat

Қазақ футболының аңызы, ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.


Қазақ футболының аңызы, ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.

Сейілда Икрамұлы 1950 жылы 28 тамызда дүниеге келген. КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы болды. Ұзақ жылдар бойы алматылық "Қайраттың" капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады.

Әр жылдары "Қайрат" футбол клубы" АҚ бірінші вице-президенті, Қазақстан Республикасы мини-футбол қауымдастығының президенті, Қазақстан футбол одағының төрешілер комитетінің төрағасы, Қазақстан футбол одағының вице-президенті, Қазақстан футбол федерациясының балалар және жасөспірімдер футболы бойынша жетекші маман қызметтерін атқарды.

2007 жылдың 28 тамызынан бастап Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті, 2013 жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы Техникалық комитетінің төрағасы болды. 2016 жылы Қазақстан футбол федерациясы президенті болды, кейіннен Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Сейілда Байшақовтың отандық футболдың дамуына қосқан үлесі орасан. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ҚАЙРАТ» ФК | FC KAIRAT ALMATY (@f.c.kairat)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети