21 қараша 2023 09:27

Қазақстан құрамасы Словенияға есе жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Люблянада Словенияға жол беріп, Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Люблянада Словенияға жол беріп, Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ойынның бірінші таймында алаң иелері ұтып шықты. 41 минутта Ян Вороговский айып алаңында ереже бұзды. Бас төреші Марчиняк VAR қарағаннан кейін пенальти белгіледі. 11 метрлік нысанадан Шешко мүлт кетпеді.

Екінші таймды Магомед Адиев шәкірттері ширақ бастады. 48 минутта Максим Самородовтың айып алаңына асырған добын Рамазан Оразов Ян Облак қақпасының торында тулатты.

86 минутта Бенямин Вербич алаң иелеріне жеңіс сыйлаған голды соғып, Словения құрамасын Еуропа чемпионатына алып шықты.

Іріктеу қорытындысы бойынша "Н" тобындағы екі жолдаманы Дания мен Словения құрамалары иеленсе, 18 ұпай жинаған Қазақстан үшінші орынмен жарысты аяқтады.

Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына шығуға тағы бір мүмкіндігә бар. Ұлттар лигасы арқылы тағы бір жолдамаға таласатын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети