05 қаңтар 2024 13:21

Адам ұрлаған: Антикор күдіктілердің суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Адам ұрлаған алаяқтар тобы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.


Адам ұрлаған алаяқтар тобы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Астана бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановты әшкереледі.

"Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ, 1,4 миллион теңгеден астам сома мүлкін иемденген. Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Осы адамдардың құқыққа қайшы қызметі туралы ақпаратыңыз болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлауды сұраймыз. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети