18 шілде 2023 09:01

Ақтауда 21 жастағы спортшы Валерия Шальнованы жерлеу рәсімі өтті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © lada.kz Фото: © lada.kz

Ақтауда 21 жастағы спортшы Валерия Шальнованы жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақтауда 21 жастағы спортшы Валерия Шальнованы жерлеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұм спортшының әпкесі бұған дейін телеграм-арнасында Валериямен қоштасу рәсіміне бәрі келе алатынын хабарлаған.

"02.07.2023 жылы Шалнова Валерия Николаевна 21 жасында дүниеден өтті. Бірнеше дүркін жеңімпаз. Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы. Спорт шеберлігіне үміткер. Ол жаттықтырушы болғысы келді, Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде оқыды, дене шынықтыру және спорт факультетінде, 3-курсқа ауысқан. Онымен бірге оқыған, шыныққан, оны жеке білген немесе сыртынан білетіндердің бәрі де қоштасуға келе алады", - деп жазды марқұмның әпкесі әлеуметтік желіде.

Еске салайық, 2 шілдеде Ақтауда су жинау арнасынан 21 жастағы қыз өлі табылды. Туысының айтуынша, сіңлісі Ақтауда танымал спортшы болған. Қоян-қолтық ұрыспен кәсіби түрде айналысқан. Көптеген жарыста жүлде алған.

Кейін Валерия Шальнованың өліміне қатысты іс тағы басқа бап бойынша сараланғаны белгілі болды. Бұған дейін қылмыстық іс 105-бап "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша қозғалып жатқаны хабарланған еді. Кейін полиция 119-бап - "Қауiптi жағдайда қалдыру" бойынша тергеу жүргізуді бастаған болатын. Қазір 99-баптың 1-бөлімі "Адам өлтіру" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети