13 сәуір 2023 09:34

Ақтауда медицина қызметкерлері үш айдан бері жалақы ала алмай жүр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда медициналық клиникалардың бірі қызметкерлеріне үш ай жалақы бермеген. Мекеме басшылығы бюджет тапшы деп ақталып отыр. Уәдеден шаршаған дәрігерлер еңбек инспекциясы алдына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі almaty.tv сайтына сілтеме жасап.


Ақтауда медициналық клиникалардың бірі қызметкерлеріне үш ай жалақы бермеген. Мекеме басшылығы бюджет тапшы деп ақталып отыр. Уәдеден шаршаған дәрігерлер еңбек инспекциясы алдына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, медицина қызметкерлері жалақыларын қаңтардан бастап алмаған. Көбісі соның кесірінен жұмыстан шыққан. Дәрігерлер еңбек инспекциясына сәуірдің басында жүгінген. Жауапты мамандар бұл мәселеге бір апта бойы үн қатпаған.

"Заң бойынша 10-на дейін күте тұрсын деді. Кеше кешке дейін күттік, бірақ әлі ешбір хабар жоқ. 6 ақпанда мәлімдеме жаздым. Екі айдың ішінде ештеңе қарастырмаған. Бүгін директор келетінін айтты", - деді медбике Гүлзада Сағынғалиева.

Тағы бір медбике Жеңісгүл Бектілеуова 3 сәуірде шағым жазғанын айтады. Бірақ шара әлі қолданылмаған.

Қызметкерлердің айтуынша, өткен жылы да жалақы кешіктірілген. Медициналық мекеме басшылығы бұл мәселе бюджет қаражатының жетіспеушілігінде екенін айтып түсіндірген.

Сонымен қатар, клиника жабылуы да мүмкін дейді. Осы уақытта еңбек инспекциясының мамандары арыздың қаралып жатқанын және істі прокуратураға жібергенін айтқан.

"Келіп түскен ұжымдық және жеке өтініштерге байланысты "Адем мед" клиникасына жоспардан тыс тексеру тағайындалды. Осыдан кейін барлық нәтижелер айтылады. Жоспардан тыс тексеру бес жұмыс күніне созылады", - деді Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының инспекторы Қанат Сағидуллин.

Мамандардың айтуынша, заң бойынша жұмыс беруші жұмыстан босатылған қызметкерге үш жұмыс күні ішінде жалақы төлеуге міндетті. Алайда медицина қызметкерлеріне инспекциялық тексеру екі айға дейін созылуы мүмкін екендігі ескертілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети