15 желтоқсан 2023 14:39

Активтерді қайтару: Қазақстан БАӘ-мен келіссөз жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

БАӘ-нің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі атқарушы кеңсесінің делегациясы елордаға арнайы сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


БАӘ-нің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі атқарушы кеңсесінің делегациясы елордаға арнайы сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

"Сапар барысында БАӘ Атқарушы кеңсесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржылық қылмыстармен күресте ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды", - делінген хабарламада.

Құжат негізгі төрт бағыт бойынша ынтымақтастықты көздейді:

  • тараптар виртуалды активтер саласында өзекті тәуекелдер және оларды реттеу мен қылмыстық схемаларды анықтау жөніндегі озық тәжірибелер туралы ақпаратпен алмасатын болады;
  • мемлекеттік- жекеменшік әріптестік бойынша тараптар мемлекеттік және жеке сектор арасында ақпарат алмасу тетіктерін әзірлеуде ынтымақтасатын болады. Мұндай тетіктер қаржылық қылмыстарды тиімдірек анықтап, оның жолын кесуге мүмкіндік береді;
  • отандық сарапшылардың кәсібилігін шыңдауға бағытталған бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр;
  • қылмыстық активтерді қайтару мәселесі бойынша ынтымақтастықты нығайту.

"Өзара түсіністік туралы Меморандум трансұлттық қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылда екіжақты ынтымақтастықты дамытуға БАӘ Атқарушы кеңсесі мен ҚМА арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети