04 қаңтар 2022 09:28

Алматы облысында қар барысы суретке түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/sakendildakhmet © instagram/sakendildakhmet

Алматы облысындағы "Алтынемел" ұлттық саябағы маңында қар барысы суретке түсірілді. Бұл туралы эко-белсенді Сәкен Ділдахмет Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысындағы "Алтынемел" ұлттық саябағы маңында қар барысы суретке түсірілді. Бұл туралы эко-белсенді Сәкен Ділдахмет Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін керемет жаңалық келді. "Алтынемел" ұлттық саябағының маңында қар барысы серуендеп жүрді. Бүгін жергілікті тұрғындар смартфондарына түсіріп, ұлттық саябақ инспекторлары мен табиғатты қорғау мекемелеріне хабарлады.

Моңғолияда қар барыстарын далада жиі кездестіруге болады. Бұл қалыпты жағдай. Олар азық іздеу үшін өте алысқа қоныс аудара алады. Әдетте бұл жануарлар арқар, ешкі және басқа да тұяқты жануарларды аулайды.

Жергілікті тұрғындар жарады! Бірақ бір әттеген-ай бар. Былтыр Экология министрлігі ұлттық саябақтың жер телімдерін ұзақ мерзімге жалға берді. Ал онда құлан, қарақұйрық, қар барысы мекендейді. Мырзағалиевке ұлттық саябақтардағы осындай былыққа жол бергені үшін рақмет!", - деп жазды Ділдахмет.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Saken Dildakhmet (@sakendildakhmet)

"Алтынемел" ұлттық табиғи саябағы Іле өзенінің аңғарында, Алматы облысының аумағында орналасқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети