09 ақпан 2024 15:21

Алматыда түнгі шуға байланысты екі көшеде жылдамдық шектеледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Түнгі шуға байланысты Алматының екі көшесінде жылдамдық шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түнгі шуға байланысты Алматының екі көшесінде жылдамдық шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде Ладушкина көшесіндегі 65-үйдің тұрғындары тыныштықты бұзған жүргізушілерге шара қолдануды сұрады.

"Көктемнен бастап, түнде Достық даңғылы бойында жастар арасында нағыз жарыс басталады. Көліктердің дауысы, қатты музыка ұйықтауға кедергі келтіреді. Тыныштықты бұзғатындармен күресуіңізді сұраймыз", - деді тұрғын.

"Аудан тұрғындарының арыз-шағымдарын ескердік. Түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік бар. Біз полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз, Достық даңғылы бойына "Сергек" бейнекамераларын орнатуды тапсырдым. Керей, Жәнібек хандар көшесінде жылдамдықты шектейміз. Бейнебақылау камералары жағдайға әсер ететініне сенімдімін", - деп жауап берді Ерболат Досаев.

Әкімдік мәліметінше, биыл 30 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық жүйесі мен бейнебақылау жүйесінің 750 камерасын орнату жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети