27 тамыз 2023 15:19

Алматыда заңсыз жүрген Африка құрлығы елдерінің 4 азаматы елден шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram.com/almaty_police_department instagram.com/almaty_police_department

Алматыда шаруашылық өндірісте Африка құрлығы елдерінен келушілер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда шаруашылық өндірісте Африка құрлығы елдерінен келушілер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, Алматының Бостандық ауданындағы "Қазақфильм" ықшамауданындағы корпустардың бірінен Нигерияның 4 азаматы анықталды.

Олар еңбек қызметін заңсыз жүргізіп, жұмысшы болып жұмыс істеген.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады және елден шығарылады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда заңсыз жүрген Африканың 11 азаматы елден шығарылған болатын. Заңсыз жүрген шетел азаматтарын Алматының полицейлері жергілікті рейд кезінде анықтады.

Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтің сөзінше, бір аптаның ішінде Қазақстан Республикасында заңсыз тұрып жатқан Африка континентінің 11 азаматы анықталған.

Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олар Қазақстан Республикасынан шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети