30 қараша 2022 08:54

Астаналық келіншек босану кезіндегі дәрігерлердің салғырттығына шағымданды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық келіншек босану кезіндегі дәрігерлердің әрекетіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астаналық келіншек босану кезіндегі дәрігерлердің әрекетіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның шағымы әлеуметтік желіде жарияланды. Ол 12 тамызда перзентханаға түскенін айтады.

"Сағат 12-де менің суым кетіп, сағат 18:00-де босану бөлмесіне келдім. Сол күні бас дәрігер кезекшілікте болды, 20:00-де мені тексеріп, жоқ болып кетті. Мен оның келуін сұрадым, бірақ келмеді. Алғашқы кездескенімде мен оған 12 жыл бұрын 3600 салмақта қызды босана алмағанымды түсіндірген болатынмын. Екінші жүктілікте УДЗ бойынша баланың салмағы 4,5 келі болды. Мен өзім босана алмайтынымды, жамбасымның тар екенін түсіндірдім. Ол тыңдамады. Мен кесарево жасауын өтіндім, бірақ ол рұқсат бермеді. Түні бойы қатты ауырып толғаттым. Сағат 8:00-де мені палатадан босану бөлмесіне ауыстырды. Бірінші босанудағыдай емес, қатты ауырды, шаршап қалдым. Бас дәрігер мені ауысымдағы басқа дәрігерге тапсырды да, кетіп қалды", - деп жазды әйел.

Жазба авторының айтуынша, нәресте әйел қанша толғатса да шықпаған. Сол кезде ғана дәрігерлер уайымдай бастаған.

"Дәрігер баланы жұлып алуға тырысты, бірақ қолынан келмеді, сол кезде ол маған баланың босанғанға дейін шетінеп кеткенін айтты. Директордың орынбасары жүгіріп келіп, айқайлап баланы жұлып алуға тырысты. Аяғыма қатты қысым жасай бастады, мен сықырлаған дыбысты естідім. Нәтижесінде жамбас сүйектерім 2,5 миллиметрге бөлінген. Баланы әрең шығарған", - деп жазады ол.

Әйел баланың туғандағы салмағы 5,2 келі болғанын айтты.

"Абырой болғанда, реаниматологтар ұлымды құтқарып қалды. Баланы бірден инкубациялап, 3 күн бойы гипотермия жүргізді. Жамбас сүйектерімнің шытынағанынан қозғала алмай қалдым. Мен үшін өте ауыр болды", - дейді ол.

Астаналық келіншектің айтуынша, оның жаңа туған ұлы 10 күн реанимацияда, 10 күн патология бөлімінде болған.

"Ұлыма "Дюшен-Эрб оң қолының сал ауруы" диагнозы қойылды. Бұл акушерлердің салғырттығынан болып отыр. Оны иығынан тартпақ болғанда, жүйке жүйесіне зақым келген. Мен дені сау бала өмірге алып келдім. Мен жүктілік кезінде дәрігердің барлық нұсқауын орындадым, ішпедім, қабылдауға уақытында бардым. Көптен күткен балам дәрігерлердің кінәсінен мүгедек болып қалды", - деп жазды ол.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бұл оқиға бойынша мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Егер өтініште көрсетілген деректер расталса, кінәлілер жауапқа тартылады", - деп мәлімдеді департамент өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети