29 қаңтар 2014 17:24

Әуе апатын тексерудің алдын ала нәтижелері жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Марат Әбілов ©Марат Әбілов

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі былтыр Алматы түбінде болған әуе апатының алдын ала себептерін жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әуе апаты Мәскеуде Мемлекетаралық авиация комитетінің Challenger-200 ұшағының құлауын тексеру жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы барысында талқыланған. "CRJ-200 әуе кемесінің Алматы қаласының әуежайы аумағында апатқа ұшырауын тексеру жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында аралық нәтижелер жария етілді. Олар оқиға орнынан жинақталған материалдар, ұшу және сөйлесу ақпаратын талдау, шағын комиссиялар және дербес топтардың есептері, апатты авиатехниканы жайып салу және математикалық модельдеу жүргізу негізінде жасалды", - делінген хабарламада. Осы материалдардың негізінде Комиссия әуе кемесінің жер бетімен түйіскенге дейін оның двигателі мен барлық агрегаттарының толықтай жұмыс жасауға қабілетті болғанын анықтады, әуе кемесінің бортында Көкшетау – Алматы маршруты бойынша ұшу тапсырмасын орындауға және қосалқы аэродромға кетуге авиациялық жанар-жағармайы жеткілікті болған. Сонымен бірге, апатқа кеменің сыртының мұздануы мен басқа да сыртқы факторлардың себеп болмағаны расталды. Қазіргі уақытта әуе кемесінің екінші айналымға ұмтылуға әрекет жасау кезінде төмендеу себебін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. "Ол үшін генетикалық талдау, дауыстарды сәйкестендіру, экипаждың өзара іс-қимыл жасауын орындаудың технологиясын бағалау, психологиялық жағдайларды тексеру, балама авиациялық оқиғалар мен тосын жағдайларды және т.б. мәселелерге талдау жасау қажет болды. Біздер үшін әрбір деталь маңызды. Біз қандай да бір қорытынды жасау үшін ең алдымен жеткілікті дәлелді негіз жинақталуы керек. Қазірігі уақытта Комиссия ҚР, РФ және МАК лабораторияларынан алынған дыбыстық ақпаратты бағалау нәтижелерін талдау үстінде. Өйткені қорытынды шығару үшін бірыңғай құжат болуы қажет", - дейді "Мемлекетаралық авиациялық комитет (МАК) төрағасы орынбасары Алексей Морозов. Комиссияның төрағасы Азат Бектұров қолда бар материалдар мен ақпаратты ескере отырып тексерудің қорытынды кезеңінің жоспарына түзетулер енгізуді, қалған барлық талдау экспертизаларын аяқтауды, сонымен бірге, МАК, Канада және АҚШ-тың авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі бюросы сарапшыларының қатысуымен кезіккен мәселелер мен қорытындыларды талқылау, Түбегейлі есеп жобасын тез арада әзірлеу үшін төртжақты кездесуді өткізу жөнінде тапсырма берді. ICAO-ның Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес Түбегейлі есеп жобасы әуе кемесін жасаушы мемлекеттің (Канада) және двигательді әзірлеуші мемлекеттің (АҚШ) қарауына жолданды. Еске салайық, SCAT әуе компаниясының Challenger-200 жолаушылар ұшағы 2013 жылдың 29 қаңтарында - тура бір жыл бұрын Қызылту елді мекені маңында апатқа ұшырады. Ұшақ Көкшетаудан шығып, Алматы әуежайына қонуға таяған еді. Оқиға салдарынан экипаждың бес мүшесі мен 16 жолаушы, оның ішінде, бір сәби опат болды. Сол күні Алматы өңірінде тұман түсіп, ауа райы қолайсыз болып тұрды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети