07 сәуір 2023 15:26

"Ауыл" депутат Қарақат Әбденді мандатынан айыру туралы өтінішке пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Ауыл" фракциясының мүшелері Қарақат Әбденді мандатынан айыру туралы өтінішке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ауыл" фракциясының мүшелері Қарақат Әбденді мандатынан айыру туралы өтінішке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс алаңында журналистер "Ауыл" фракциясының мүшелерінен құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің Қарақат Әбденге жолдаған депутат құқығынан айыру петициясы туралы сұрады. Дина Таңсәрі ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтен Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің мандатын қайтарып алуды талап етті.

Оған Әбденнің Қазақстанда шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы мәлімдемесі себеп болды. Бұл ұсынысты депутат президенттікке кандидат болып жүргенде теледебат кезінде айтқан еді.

"Дина Таңсәрі, әрине, азамат ретінде кез келген шешім қабылдауға құқылы. Бірақ оның нақты сұрақтары болса, келсін, кездесейік, немесе біз онымен кездесе аламыз. Оның кез келген сұрағына жауап бере аламыз", - деді "Ауыл" фракциясының жетекшісі Әнас Баққожаев журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Сонымен қатар, Баққожаев фракция депутаттарға пікір білдіруге тыйым сала алмайтынын айтты.

"Тыйым салмаймыз. Әр депутаттың өз ойы бар. Бұл туралы Қарақат Әбден президенттік сайлауға қатысып жүргенде айтқан. Фракцияның ұстанымы басқа, депутаттың ұстанымы басқа. Сондықтан бұл мәселе фракцияда қаралып жатыр", - деп түйіндеді ол.

Журналистер Баққожаевтан "Ауыл" фракциясы Мәжілістегі әріптесінің ұсынысын алға тарта ма деп сұрады.

"Жоқ, бұл мәселемен фракция айналыспайды. Біз басқа бастамаларды ұсындық, солармен айналысамыз", - деді Баққожаев.

Еске салайық, былтыр 11 қарашада президенттікке кандидаттардың теледебаттары кезінде Қарақат Әбден шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына ірі көлемде салық енгізуді ұсынған болатын.

Кейін Мәжілісте депутат Әбден бұл мәселе бойынша тағы да сөз сөйлеп, бұрын айтылған елде шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу мәселесін қарастыру туралы ойдан бас тартпағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети