14 маусым 2016 10:48

Баян Есентаеваның беті бері қарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Баян Есентаеваның денсаулығында оң өзгеріс бар. Tengrinews.kz тілшісіне бұл жөнінде аурухананың емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев айтып берді.


Баян Есентаеваның денсаулығында оң өзгеріс бар. Tengrinews.kz тілшісіне бұл жөнінде аурухананың емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев айтып берді.

"Емделуші әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы жақсарып келеді. Орташа ауыр деп айтуға болады", - деді ол.

Сонымен қатар, Баян Есентаева ем алып жатқан Талғар аудандық ауруханасында әлеуметтік желілерде таралған суретке байланысты қызметтік тексерістің жүргізілгені белгілі болды. "Тексеріс жүргіздік. Қызметкерлердің телефондарынан, мұрағаттардан да сурет табылмады. Енді бұл іспен ІІБ өкілдері айналысады", - деді Сәрсенбаев.

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын алған. Ер адам Талғар аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети