24 қаңтар 2024 17:17

Білім бөлімінің есепшілері 400 миллион теңгеден аса ақша жымқырды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті Білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті Білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

"Сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді деген күдікке "Келес ауданының білім бөлімі" ММ бухгалтерлері ілінді, олар 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген.

Мектеп қызметкерлерінің карт-шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-не ауыстырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінеше, көрсетілген деректер бойынша соталды тергеп-тексеру басталған және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети