23 маусым 2022 10:51

COVID-19-дан айыққан әрбір бесінші адамда ауру белгілері сақталады - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Бұрын COVID-19 жұқтырған әрбір бесінші ересек адамда созылмалы COVID-19 белгілері сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Бұрын COVID-19 жұқтырған әрбір бесінші ересек адамда созылмалы COVID-19 белгілері сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы АҚШ денсаулық сақтау өкілдері хабарлады. Маусымның алғашқы екі аптасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, АҚШ-тағы 13 ересек адамның 1-інде алғашқы инфекциядан кейін үш ай немесе одан да көп уақытқа созылмалы COVID-19 белгілері бар.

Деректерді 1-13 маусым аралығында АҚШ халық санағы бюросы жинады, ал талдаған - АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC).

Коронавирустың ұзақ мерзімді белгілері - шаршау, жүрек соғысы, ентігу, когнитивтік қиындықтар, созылмалы ауырсыну, сенсорлық ауытқулар мен бұлшықет әлсіздігіне дейін.

CDC талдауы жас ересектерде ауру белгілері қарттарға қарағанда жиі кездесетінін көрсетті. Зерттеулерге сәйкес, әйелдер ерлерге қарағанда COVID-19-дан көбірек зардап шеккен: АҚШ-тағы ересек әйелдердің 9,4 пайызы аурудың белгілері ұзақ болғанын хабарлаған, ал ерлердің 5,5 пайызы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети