02 наурыз 2022 12:44

Ерлан Қошанов Nur Otan атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Nur Otan атауын Amanat-қа өзгертуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Nur Otan атауын Amanat-қа өзгертуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Палата отырысынан кейін спикерге партия атауы өзгергеннен кейін заңнамалық мәселелер туындамай ма деген сұрақ қойылды.

"Заңға қатысты қиындықтар мен мәселелер болмайды. Өйткені мұндай атаумен 30-дан астам түрлі компания барын көрдік, бірақ бірде-бір Amanat партиясы жоқ. Заман өзгереді, қоғам да өзгереді. Қаңтарда жаңа мемлекетте оянғандай болдық. Мемлекетке қарсы лаңкестік әрекеттен кейін партия сынақтарға дайын болуы керек. Партия қоғамнан бөлек өмір сүрмеуі керек. Өңірлерге барып, тұрғындардың партия жұмысына қатысты өтініштерін естідік, сондықтан атауын өзгертуді жөн көрдік", - деді Қошанов журналистер сауалына жауап бере отырып.

"Аманат" партиясының жаңа логотипі ұсынылды

Бұған дейін 1 наурызда Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгерту ұсынылған болатын. Ұсынысты Мәжіліс cпикері Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети