14 шілде 2014 13:12

"Гульнар тур" келтірген шығын 30 млн теңгеге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Гульнар тур" фирмасының туристер мен әріптестеріне келтірген шығыны - 30 млн теңге, бұл туралы Бостандық ауданының прокуроры Бауыржан Жұмақанов брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Гульнар тур" фирмасының туристер мен әріптестеріне келтірген шығыны - 30 млн теңге, бұл туралы Бостандық ауданының прокуроры Бауыржан Жұмақанов брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудан прокуратурасы тергеуалды тексеріс жүргізіп жатыр, компания клиенттерінен келіп түскен арыздардың саны 35-ке жеткен, әуеліде 28 адам шағымданған еді, бұл жайт "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға себеп болды. 

Басында компания келтірген шығын көлемінің де алты млн теңге екені айтылған болатын. Қозғалған қылмыстық іс өзгертілуі мүмкін, себебі фирма келтірген шығын, ҚР Қылмыстық кодексіне сай, аса ірі деп есептеледі. Кінәлі тұлғалардың 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Прокуратура мамандары кінәлі тұлғалар шеңберінің анықталып жатқанын айтты. Прокуратураға фирма жетекшілерінің қайда екені туралы ақпаратты ешкім ұсынбаған. 

Бостандық аудандық прокуратурасы қылмыстық істі 9 шілдеде қозғады. Еске салайық, маусым-шілде айларында "Гульнар тур" фирмасының жүздеген клиенті Түркиядағы демалыстан соң елге келе алмаған еді. Сондай-ақ, Қазақстаннан Түркияға ұшатын тағы бір топ туристің де жолы болмады. Азаматтық авиация комитетінің мамандары "Гульнар Тур" рейстерін орындаған Jet Airlines әуе компаниясы ұшақтарының пайдалану рұқсаттары мерзімінің 30 маусымға дейін ғана жарамды екенін айтты, мәселе сол себепті туындаған. Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы "Гульнар Тур" фирмасына наразылық білдірді. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігі туристік компанияның лицензиясын тартып алуға өтініш білдіретінін хабарлады.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети