28 қазан 2023 10:55

Қарағанды ​​облысындағы шахтада жарылыс: қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 16-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 16-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"252 адамның 205-і жер астынан шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген. 31 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында 16 кеншінің мәйіті табылды. Апат орнында КӘАҚҚ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Штаб жұмыс істеп тұр", - делінген хабарламада.

Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында Төтенше жағдайлар министрлігі және Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен 8 (7172) 70-41-08, 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70. сенім телефондары мен ақпараттық-психологиялық қолдау жұмыс істейді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қарағанды ​​облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram