31 тамыз 2023 17:29

Қарағандылық есепшілер 102 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысында 102 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған білім беру жүйесінің есепшілері әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды ​​облысында 102 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған білім беру жүйесінің есепшілері әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тамыз конференциясы барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің алдын алу басқармасы басшысы Бауржан Хусайыновтың айтуынша, білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында миллиондаған қаржы жымқыру фактілері анықталған. Биыл мамырда кешенді аудит жүргізілген. Тексеру қорытындысы бойынша 8 материал соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне, 4 материал АТК автоматтандырылған деректер базасына тіркелген.

"Еңбекақы төлеу қорынан бюджет қаражатын жымқыру схемасын аштық. Бір айта кетерлігі, бюджетті мұғалімдер емес, олардың қызметін қамтамасыз етуге шақырылған шенеуніктер ұрлаған. Мемлекетке келтірілген шығын шамамен 102 миллион теңге болады. Оның 77-сі мемлекетке өтелген. Бюджет қаражатын жымқыру кезінде "өлі жандар", яғни қағаз жүзінде жұмысқа қабылданған адамдар пайдаланылған. Әдетте бұл бухгалтерлердің таныстары. Олардың деректері жалған лауазымдарға арналған жалпы тізімге енгізілген. Мұның бәрі мектептегі есеп жүйесі, Оқу-ағарту министрлігі мен қазынашылық базалары арасындағы интеграцияның болмауының нәтижесінде мүмкін болды", - деді Бауржан Хұсайынов.

Осылай күдіктілердің арасында Бұқар жырау аудандық білім бөлімінің есепшісі де бар. Спикердің айтуынша, ол былтырғы маусымнан бері мектепте жұмыс істемейтін жеті танысына 40 миллион теңге аударған.

"Тағы бір мысал, Қарағандыда мектептердің бірінің есепшісі екі жыл бойы өзінің карточкалық шотына, туыстары мен екі мектеп қызметкерінің есепшотына белгіленген жалақыдан 18 миллион теңге көлемінде заңсыз ақша аударған. Балабақшалардың бірінің тағы бір есепшісі екі жыл ішінде өзіне 8 миллион теңгеден аса ақша аударған. Талдау бұл саладағы жемқорлықтың жүйелік сипатын көрсетеді", - деп қосты Бауржан Хұсайынов.

Мәселені шешу үшін спикер бюджеттік үдерістерді толық автоматтандыруды қамтамасыз етуді және қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін барлық деңгейдегі басшыларды жазалауды ұсынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети