10 ақпан 2023 09:21

Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото РИА Новости Фото РИА Новости

Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейсенбі, 9 ақпанда, Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыста жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді.

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети