07 қараша 2023 10:28

Қазақстанда әлеуметтік желілер БАҚ санатына қосыла ма: жаңа заң нені өзгертеді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freepik Freepik

Қазақстанда "Масс-медиа туралы" жаңа заң жобасы әзірленді, ол қолданыстағы "БАҚ туралы" заңның орнын ауыстыруы тиіс. Қандай өзгерістер болатынын Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінен білді.


Қазақстанда "Масс-медиа туралы" жаңа заң жобасы әзірленді, ол қолданыстағы "БАҚ туралы" заңның орнын ауыстыруы тиіс. Қандай өзгерістер болатынын Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінен білді.

"Ашық НҚА" порталында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы пайда болды. Құжатта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірқатар баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, "БАҚ" термині "масс-медиа" деген терминмен ауыстырылды.

Мәдениет министрлігі мәліметінше, заң жобасын әзірлеу аясында Қылмыстық кодекске "масс-медиа" ұғымын енгізуге байланысты ұқсас түзетулер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Министрлік жаңа заң қабылданғаннан кейін Қазақстан "БАҚ" ұғымынан бас тарта ма деген сұраққа да жауап берді.

"Масс-медиа туралы" жаңа заң қабылданғаннан кейін елімізде "БАҚ" және "масс-медиа" терминдері қатар қолданылады", - деп хабарлады Мәдениет министрлігі Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында.

Қазақстанда БАҚ жұмысын реттейтін жаңа заңда масс-медиа, масс-медиа өнімдері (мысалы, баспа басылымының, аудио немесе бейне нөмірінің таралымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат), бұқаралық ақпарат құралдары, БАҚ өнімдері сияқты ұғымдар жазылады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілер бұқаралық ақпарат құралдары санатына жатпайды, өйткені елімізде әлеуметтік желілердің жұмысын реттейтін "Онлайн платформалар және онлайн-жарнама туралы" жеке заң бар. Яғни, блогер өзінің әлеуметтік желідегі аккаунты БАҚ қызметін атқарады деп айта алмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети