20 сәуір 2021 12:30

Қазақстанда автокөліктердің электрон төлқұжатын рәсімдеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 1 сәуірден бастап көлік құралдарының электрон паспорты рәсімделіп жүр. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 1 сәуірден бастап көлік құралдарының электрон паспорты рәсімделіп жүр. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 1 сәуірінен бастап "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының барлық аумағында "көлік құралдарының электрон паспорты" ұлттық жүйесін іске қосты.

Электрон құжат жаңа және әкелінетін автомобильдерге жасалады, ал тіркелген көліктерді меншік иесінің қалауы бойынша рәсімдеуге болады. Көлік құралдарын цифрландыру оның өмірлік циклін елімізде ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында да қадағалауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Электрон төлқұжатта көлік құралының техникалық сипаттамасы, меншік иесі туралы ақпарат, тіркелген жерлер, шектеулер туралы, кәдеге жарату алымын төлеу, кедендік шектеулер мен тазарту туралы мәліметтер, жол-көлік оқиғасы, техникалық бақылаудан өтуі туралы мәліметтер қамтылады.

ҰАТ өкілдері сандық құжат көлік құралдарын сатуда алаяқтық жағдайлардың санын азайтады деп отыр. 

Айта кетейік, жоба ЕАЭО елдері қол қойған Көлік құралдарына бірыңғай төлқұжат енгізу туралы келісім шеңберінде іске қосылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети