05 қыркүйек 2023 18:36

Қазақстанда есірткі қылмысы үшін қанша адам бас бостандығынан айрылған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 35 мыңнан аса адам бас бостандығынан айрылған, оның 10 пайызы есірткі қылмысы үшін. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 35 мыңнан аса адам бас бостандығынан айрылған, оның 10 пайызы есірткі қылмысы үшін. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"3 мыңнан аса адам есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп жатыр. Есірткі қылмысы үшін өтейтіндердің арасында мыңнан аса адам тәуелді, яғни өздері есірткі қолданады. Ал екі мың есірткі сатумен айналысқан",- деді Әмірханов ОКҚ брифингінде.

Әмірхановтың айтуынша, Қазақстанда есірткінің ең көп таралған түрі - ауған опиаты, синтетика және марихуана.

"Испанияда іссапарда болған кезімде, халықтың 43 мыңы түрмеде жазасын өтеп жатқанын білдім, оның 25 пайызы есірткі қылмысы үшін. Бізде аз, әрине. Еуропада да қауіп бар: Оңтүстік Америкадан кокаин, Мароккодан гашиш", - деді Департамент басшысының орынбасары.

Еске салайық, қаңтардан шілдеге дейін Қазақстанда заңсыз айналымнан 1 килограмм 706 грамм героин тәркіленді. Осы кезеңде құқық қорғау органдары 168 келі 494 грамм мефедрон мен альфа-PvP тәркілеген. ІІМ деректеріне сәйкес, бүгінде Қазақстанда ең көп таралған есірткі түрі - "синтетика".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети