04 мамыр 2022 15:52

Қазақстандық әнші Егор Кридке домбыра сыйлады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/tompaq.bala Фото:instagram.com/tompaq.bala

Бірінші арнадағы "Голос. Дети" жобасының тоғызыншы маусымына қатысқан қазақстандық 14 жастағы әнші Тимур Тян әнші Егор Кридке домбыра сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бірінші арнадағы "Голос. Дети" жобасының тоғызыншы маусымына қатысқан қазақстандық 14 жастағы әнші Тимур Тян әнші Егор Кридке домбыра сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас орындаушы мұндай сыйлықты тәлімгеріне жоба аяқталғаннан кейін тарту етуді жөн көрген. Айтпақшы, "Голос. Дети" жобасындағы жеңісті Егор Крид командасынан 8 жастағы Аделия Загребина жеңіп алды.

"Финалдан кейін Егор Крид барлық балаларды ата-аналарымен бірге мейрамханаға шақырды, сол жерде Тимур оған домбыра сыйлады. Біз де Қазақстаннан келген кәдесыйларымызды тарту етіп, ұйымдастырушыларға, продюсерлерге алғысымызды білдірдік", - дейді Тимурдың анасы Айнұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Timur Tyan/Тимур Тян (@tompaq.bala)

Қызылордалық 14 жастағы Тимур Тян 12 аспапта кәсіби түрде ойнайды, жас композитор. Ол Алматыдағы дарынды балаларға арналған Жұбанов атындағы музыка мектебінде оқиды және бір жылдан кейін Гнесин атындағы Ресей музыка академиясына түсуді жоспарлап отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Timur Tyan/Тимур Тян (@tompaq.bala)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети