04 ақпан 2022 09:33

Қазақстандық блогер ресейлік "Холостяк" шоуына қатысуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram / dimashadilet Фото Фото: Instagram / dimashadilet Фото

26 жастағы қазақстандық блогер Димаш Әділет ресейлік "Холостяк" шоуының жаңа маусымының кейіпкері болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі PeopleTalk порталына сілтеме жасап.


26 жастағы қазақстандық блогер Димаш Әділет ресейлік "Холостяк" шоуының жаңа маусымының кейіпкері болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі PeopleTalk порталына сілтеме жасап.

Басылымда ұйымдастырушылар "Холостяк" шоуының форматына өзгерістер енгізгені және жаңа маусымда екі жігіт қалыңдық іздейтіні атап өтілді. Олардың бірінің аты-жөні белгілі, ол кәсіпкер Александр Гранков. Екінші кейіпкердің есімі әзірге ресми түрде аталмады, бірақ People Talk деректері бойынша, ол блогер және қазақстандық кәсіпкер Димаш Әділет болуы мүмкін.

Жанкүйерлер Димашты "Сплетниц" жұлдызы Эд Вествикпен салыстырады.

Бұған дейін Димаш Әділет адамдардағы ең жоғары интеллект коэффициентін анықтайтын Mensa халықаралық ұйымының мүшесі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети