26 наурыз 2024 09:10

"ҚазМұнайГаз" қазақстандық екі МӨЗ-ді жекешелендіру туралы ақпаратты жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚМГ баспасөз қызметі Фото: ҚМГ баспасөз қызметі

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев қазақстандық екі мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру жоспарланған деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев қазақстандық екі мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру жоспарланған деген ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та Атырау және Павлодар мұнай-химия зауыттарын жекешелендіру жоспарланып отыр деген ақпарат тарады. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдегім келеді. Мұндай келіссөздер жүргізілген жоқ. ҚМГ мұнай өңдеу зауытындағы барлық өндірістік процестер қалыпты жағдайда жүріп жатыр", - деді ол ҚМГ telegram-арнасында.

Еске салайық, кейбір БАҚ алдағы екі жылда екі мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру туралы шешім "Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы" ҚР Президентінің жарлығы жобасында қамтылғанын және қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтіп жатқанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети