01 ақпан 2024 14:06

"ҚазМұнайГазда" кадрлық өзгерістер болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: kmg.kz Фото: kmg.kz

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында кадрлық өзгерістер болды. Атап айтқанда, ұлттық компанияның басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында кадрлық өзгерістер болды. Атап айтқанда, ұлттық компанияның басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов 2024 жылдың 30 қаңтарынан бастап қызметінен кетті. Сондай-ақ, ол "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Ақтау өкілдігінің директоры лауазымындағы жұмысын да аяқтады", - делінген хабарламада.

ҚМГ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ұзақ жылғы қажырлы еңбегі мен компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Дәулетжан Хасановқа алғыс білдірді. Хасанов ҚМГ-да түрлі басшылық қызметтер атқарған. ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары ретінде мұнай барлау және өндіру блогына жетекшілік еткен.

"Нұрсейіт Союнов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, сондай-ақ оған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігі директорының міндеттері қоса жүктелді. Бұған дейін Союнов "Қаражанбасмұнай" АҚ Бас директоры қызметін атқарған", - делінген хабарламада.

Әр жылдары "Өзенмұнайгаз" АҚ, "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ, "Өзенмұнайсервис" ЖШС, "Урал Ойл энд Газ" ЖШС мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған. Еңбек жолын 2001 жылы "Өзенмұнайгаз" АҚ оператор болып бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети