02 ақпан 2024 17:11

"ҚазМұнайГазға" құны 1,6 миллиард теңге болатын чартерлік рейстер неге қажет?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы чартерлік рейс ұйымдастыру қызметтерін не үшін сатып алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы чартерлік рейс ұйымдастыру қызметтерін не үшін сатып алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық компания мәліметінше, чартерлік рейстерді ұйымдастыру қызметі бес жылдық кезеңге есептелген: 2024 жылдан 2028 жылға дейін.

"ҚазМұнайГаз" коммерциялық және өндірістік мәселелерді жедел шешу үшін, соның ішінде төтенше және апаттық жағдайлар кезінде тұрақты жолаушылар рейсі болмаған жағдайда төтенше жағдайларда чартерлік рейстерді пайдаланады. Іссапарлар болуы мүмкін және алдын ала жоспарланған көп жағдайларда компания Air Astana, SCAT, Qazaq Air және басқа да бірқатар әуе тасымалдаушыларының тұрақты рейс қызметтерін, сондай-ақ жолаушылар теміржол көлігі қызметтерін пайдаланады", - деп хабарлады компания.

Осы мақсаттарға "ҚазМұнайГаз" бес жылдық кезеңге 1,6 миллиард теңгені жоспарлаған. Бұл ретте ұлттық компания чартерлік қызметтерге ақы төлеу рейс орындалған кезде жүзеге асырылатынын атап өтті.

"Басқаша айтқанда, чартерлік рейс қажет болмаса, "ҚазМұнайГаздың" қаржылық ресурстары игерілмейді", - деп түсіндірді компания.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети