20 маусым 2023 12:20

Көптеген ортақ мүдде бар - Германия президенті Тоқаевқа

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бірқатар мәселелер, атап айтқанда, Қазақстан-Германия стратегиялық әріптестігін дамыту бойынша келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бірқатар мәселелер, атап айтқанда, Қазақстан-Германия стратегиялық әріптестігін дамыту бойынша келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Қазақстанда басталған реформалар бағытын қолдаймыз. Германияда сіздердің сыбайлас жемқорлықпен күресіп қана қоймай, өлім жазасын алып тастап, Конституциялық сотты қалпына келтіріп, парламентті нығайтқандарыңызды білеміз. Бұл сіздің әлемге, Қазақстан халқына президенттік қызметке кіріскен кезде жариялаған бағытты ұстанатындығыңызды растайды", - деді Штайнмайер Ақордада.

Франк-Вальтер Штайнмайер неміс тарапы тек экономикалық салада ғана емес, елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және жалғастыруға бейілді екенін айтты.

"Біздің алдымызда көптеген жұмыс бар. Сыртқы саясат болсын, біздің аймақта соғыс басталғаннан кейін, климаттың өзгеруіне қарсы күрес болсын. Біз жұмыс істеуге тиіс көптеген ортақ мүдде бар. Қыркүйектегі сапарыңызды да асыға күтеміз", - деді Германия президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети