03 маусым 2015 11:00

ҚР СІМ Диас Қадырбаевқа қатысты үкімге түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Диас Қадырбаев. Фото әлеуметтік желіден алынған Диас Қадырбаев. Фото әлеуметтік желіден алынған

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев ведомствоның қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовқа кеңестік-құқықтық көмек көрсетуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев ведомствоның қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовқа кеңестік-құқықтық көмек көрсетуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқовқа тергеу және сот процесі кезінде кеңестік-құқықтық көмек көрсетіп келдік және бұдан кейін де көрсете береміз, олардың тағдыры біздің қоғамды алаңдатып, халықаралық ұйымның назарына ілігіп отыр. Біз біздің азаматтарға қатысты болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, бұл істің барлық заңдық және сот-құқықтық жақтарын зерттейміз", - деп жазды Facebook желісіндегі парақшасына Алтай Әбибуллаев.

Еске сала кетейік, 2 маусымда АҚШ-та қазақстандық студент Диас Қадырбаев 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафонының мәресінде болған лаңкестіктің тергеу жұмыстарына кедергі келтірді деген айыппен сотталды. Бостон аймақтық соты Диас Қадырбаевты 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотта Диас Қадырбаев лаңкестік жасады деген күдікті Джохар Царнаевты таныған кезде полицияға хабарламағанын айтты. Сонымен қатар, ол жатақханада Царнаевтың бөлмесінен тергеуге қажетті заттарды жинап тастағанын да мойындады. "Мен соншалықты ақымақтық істегеніме сене алар емеспін", - деді ол. Осыған дейін АҚШ-та федералдық прокурорлардың Бостон марафонының мәресінде болған лаңкестіктің тергеу жұмыстарына кедергі келтірді деп айыпталған Диас Қадырбаевты жеті жылға соттауды сұрағаны хабарланған болатын. Ал Тажаяқовтың ісіне қатысты сот отырысы 5 маусымда өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети