29 желтоқсан 2023 12:21

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қысқы демалыстың басталуына байланысты ІІМ ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қысқы демалыстың басталуына байланысты ІІМ ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Құрметті ата-аналар! Қазіргі уақытта есірткі кез келген отбасының өміріне енуі мүмкін. Биыл полиция есірткі таратуға қатысы бар 40-тан астам кәмелетке толмағанды ұстады.

Қысқы демалысқа байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының өміріне барынша араласуға шақырады, себебі баланың есірткі иммунитетін қалыптастыруда отбасының рөлі ең маңызды.

Сіздер балаларыңыздың ортасын білулеріңіз керек, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды қадағалағандарыңыз абзал. Жасөспірімнің заттарының арасында кез келген дәрі-дәрмек қаптамалары, фольга, шыны түтіктері, тамшуырлар кездессе, мұқият болыңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрал бола алады.

Ақша шығынына немесе керісінше оның көбеюіне назар аударыңыз. Себебі есірткіні қолданудан басқа бала тез арада көп табыс табу мүмкіндігіне қызығып, оны таратуға қатысуы мүмкін", – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Егер балаңызда:

  • араласатын ортасы өзгерсе;
  • достарымен сөйлесу немесе хат алмасу кезінде жаңа түсініксіз сөздер пайда болса;
  • телефонда, мессенджерлерде геолокациялары бар белгілер, фотосуреттер пайда болса, телефон нөмірлері, интернет-сайтқа сілтемелері бар жазбалар немесе сандар жиынтығы болса;
  • белгісіз заттары бар түрлі-түсті орама болса, сіз күдіктенуге тиіссіз.

Еске салайық, есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, есірткіні сатқаны үшін 14 жастан басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети