19 қазан 2022 17:28

ІІМ ауыр сырқаты бар сотталушыларға қатысты заң жобасын ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісте заң жобасы ұсынылды. Онда Қылмыстық кодекстің 75-бабын ауыр сырқаты бар сотталғандарға жазасын өтеуді кейінге қалдыруға мүмкіндік беретін норма енгізу көзделген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжілісте заң жобасы ұсынылды. Онда Қылмыстық кодекстің 75-бабын ауыр сырқаты бар сотталғандарға жазасын өтеуді кейінге қалдыруға мүмкіндік беретін норма енгізу көзделген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ вице-министрі Марат Қожаев бұл түзету сотталғандардың денсаулығын сақтау құқығын қамтамасыз етуді көздейтінін атап өтті. Соттау сатысында ауыр сырқаттар болған жағдайда сотталушының жазасын өтеу мерзімі кейінге қалдырылуы мүмкін.

"Жазаны өтеуді кейінге қалдыру сотталушыға тиісті ем алуға мүмкіндік береді, ал егер ауру емделмейтін болса, жақын адамдарымен бірге болу мүмкіндігі болады. Қазіргі уақытта ҚАЖ мекемелерінде ауыр сырқаты бар науқастарды жазасын одан әрі өтеуден босату нормасы қолданылады. Мысалы, 2015 жылдан 2022 жылға дейін сот шешім қабылдағанға дейін 441 науқас сотталушының 75-і қайтыс болды. Ал 31 адам сот қаулысы заңды күшіне енгенге дейін қайтыс болған. Осыған байланысты сотталғандарды ауыр сырқаттары болған жағдайда тікелей сот залынан босату ұсынылады", - деді Қожаев.

Парламент Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптаулар мен қатыгездіктің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы таныстырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети