14 маусым 2023 17:55

Мәжілісте активтерді Қазақстанға қайтару туралы заң жобасы мақұлданды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

elements.envato.com elements.envato.com

Мәжіліс заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы" заңда қайтарылған активтерді жинақтау және Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін арнайы мемлекеттік қор мен басқарушы компания құру қарастырылған.

Мәжіліс бұл заңды түзетулерімен бірге екінші оқылымда мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді.

Құжатта, сондай-ақ, заңсыз алынған активтерді қайтарудың, оның ішінде оларды мемлекет меншігіне өз еркімен берудің жаңа тәсілдері енгізілген. "Себепсіз байлық", "жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам", "артық кіріс" ұғымдары нақтыланып "әкімшілік-билік ресурстары" деген жаңа ұғым енгізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерге қатысты адамдардың тізімі туралы сұраққа жауап берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети