06 сәуір 2022 13:49

Марат Омаровтың қызы World Dance байқауында жүлдегер атанды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық әнші әрі композитор Марат Омаровтың қызы Мариям Лос-Анджелесте өткен World Dance байқауында екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал қазақстандық әнші әрі композитор Марат Омаровтың қызы Мариям Лос-Анджелесте өткен World Dance байқауында екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 жастағы биші танымал GRaVy Babies командасының құрамында өнер көрсетеді. Мариям бұл командаға 200 үміткер қатысқан кастингтен өтіп кірген болатын. Бұған дейін ол Snowtoriou командасының құрамында билеген.

"GRaVy Babies командасына кастингтен өткеніме қуаныштымын, бұл менің ең басты мақсатым еді. Себебі бұл топ 18 жасқа дейінгі кәсіби бишілер арасындағы ең күшті және ең танымал. Қазір біз маңызды чемпионаттардың біріне дайындалып жатырмыз. Әрине, қиындықтар болды, бірақ бұл өсу мен дамуға алып келеді", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от mary (@maryographer)

Мариям алты жасынан бастап хореографиямен айналысады. АҚШ-та ол Дженнифер Лопес пен Джастин Бибердің би мектебінде жаттығады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от mary (@maryographer)

Айта кетейік, оның әкесі Марат Омаров қазір АҚШ-та қазақ-американ қарым-қатынасын нығайту бағытында жұмыс жасап жатыр. Ол АҚШ-тың бірқатар штаттарында бірнеше концерт берді.

"Америкада жүргенімізге үш ай болды, үш айда жаңа таныстық, даму болды. Бірақ бәрі сіздер ойлағандай оңай емес. Бәрі өзімізге байланысты", - деп бөлісті Марат Омаров.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от mary (@maryographer)

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети